Шенген визасын алу тәртібі өзгерді

22
Шекарашылармен сұхбат

Ертеңнен бастап Қазақстан Шенген визасына құжат тапсыру кезінде қосымша консультациялар алатын елдердің тізіміне енгізілді. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Оның айтуынша, Шенген келісімінде «қара» немесе «қызыл» тізім деген жоқ. Жалпы, қосымша консультациялар міндеттелетін 40 ел бар. Олардың арасында Еуропалық Одақпен тығыз қарым-қатынас орнатқан көптеген елдер кездеседі.

Мысалға, Орталық Азия мемлекеттері, Әзербайжан, Армения, Марокко, Тунис, Иордания, Вьетнам сол тізімге кіреді.