Шымкентте автокөліктен өрт шығу фактісі жиілеген

49

Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері жол қозғалысы барысында 5 көліктен өрт шыққан. Бұл өткен жылғы статистикамен салыстырғанда 60 пайызға артық. Ал мамандар көбіне ескі темір тұлпарлардың өртеніп кету қаупі жоғары екенін айтады. Жалпы көлік сатып алғанда қандай жағдайды ескеру керек?

 

Қала тұрғыны Ерлан Бексейітовтің бір емес 2 рет көлігі өртеніп кетуге шақ қалған. Жол үстінде мәшиненің алдыңғы жағынан түтін шығып, лезде от лаулай бастапты. Абырой болғанда бейжай қарамаған басқа да автокөлік жүргізушілері лезде көмекке келіп, жалынды тез арада өшіріп үлгерген.

Ерлан Бексейітов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Алдыңғы машинамда жолда кетіп бара жатқандабу шыға бастады. Шығып қарасам өртеніп жатыр. Жолдың жиегіне шыға салып өртті өшіруге тырыстық. Жолда кетіп бара жатқандармен бірлесіп өшірдік. Мұндай жағдай бір емес 2 рет басымнан өтті»

Ал Әл-фараби ауданында жыл басталғалы бері дәл осындай 5 жағдай тіркелген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп. Мамандардың айтуынша көліктен оқыстан өрт шығу фактілері көбіне ескі көліктерде орын алады. Сондықтан да мұндай жайттың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Төтеншеліктер жол қозғалысы барысында қауіпті жағдайға түсіп қалмас үшін кезең-кезеңімен техникалық тексерістен өтіп тұру өте маңызды екенін айтады.

Жанұзақ Әдіханов, Әл-Фараби ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері: «Автокөліктерде өрт шығу, төтенше жағдай болған кезде көбісі өрт сөндіргіш құралдарын қолданбайды. Мұндай жағдай болғанда көбісі не істерін білмей қалады. 101-ге де хабарласпайды. Өзіміз өшіреміз деп ойлайды. Сонсоң 10 минуттың ішінде машиналары жанып кетеді. Мұның алдын алу үшін тех байқаудан өту керек»

Өткен жылы темір тұлпары қызыл жалынға оранған 44 жағдай тіркелген. Тексеріс барысында өрттің себебі қыста тұйықталу мен техникалық тексеруден өткіздеу екені анықталған.