Шымкентте өткен жылы 1195 тұрғын қайтарымсыз грант ұтып алған

52

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1195 тұрғын қайтарымсыз грант ұтып алды. Оның басым бөлігі көп балалы отбасы.

Атап айтқанда комиссия шешімімен грант алған көп балалы отбасы мүшелері 506 адамды құрады. Өтініш берушілердің көбі мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес жоспарлар ұсынған.

Соның бірі – Күмісбек Жанбыршиев. Ол қазір грант ақшасына 4 бас ірі қара сатып алды. Қазір «Алтынтөбе» ауылында сүт сатумен айналысып жатыр.