Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жүріп жатыр

28

Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Оның 17-і көпбалалы, 54-і ерекше бала асыраушы, екеуі толық емес отбасылар. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.

Айта кетейік, қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің орташа табысы соңғы 6 ай ішінде 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.