Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың 40-қа жуық эпизоды ашылды. Ақпараттық технологияларды өңірдің аспектілеріне енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етті.
Жыл басынан бері осындай 1,5 мың қылмыс тіркелген. Мұндай қылмыстарға қарсы ІІМ бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке сектормен өзара іс-қимыл күшейтілді. Қазіргі таңда министрлік бастамасы бойынша биометрия және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы онлайн-кредиттерді ресімдеу жұмысы күшейтілді.
Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу бойынша қосымша шаралар іске асырылып жатыр.
Ақпан айында Қазақстан аумағында киберқылмысқа қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-Fraud” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған 150-ден астам қылмыс, оның ішінде 130-дан астам интернет-алаяқтық анықталды. Сонымен қатар бұрын жасалған 300-ге жуық қылмыс ашылды.