10 грамдық алтын құймаға сұраныс жоғары

36
фото Информ.кз

Алтынға сұраныс артып барады. Өткен айда ел азаматтары екінші деңгейлі банктерден 83 келі бағалы металл сатып алған. Бұл екі жарым мыңнан астам алтын құймасы.

Қаңтармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма.

Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26%. Одан кейін 5 және 100 грамдық құймаларға да сұраныс жоғары.