18 баланы қамқорлығына алған ана өз таңдауын жасады

38

 

Еліміз үшін маңызды күнде кентаулықтар жұмыла атсалысуда. Ел болашағын ойлайтын аяулы аналарымыз да саяси науқаннан қалыс қалған емес.

Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі 899 сайлау учаскесінде ұл-қызы, келінімен келіп, өз таңдауларын жасады.

Ел болашағына бейжай қарамайтын ана бұл күннің маңыздылығын атап, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Түймегүл Ергешқызының ұл-қыздары бүгінде отау құрған. Ал ең кішкентай баласының жасы төртте. Түймегүл Ергешқызы ең алғашқы сәбиді осыдан 22 жыл бұрын асырап алуға шешім қабылдаған. Содан кейін отбасы жыл сайын толыға бастаған. Бүгінде жанұя Кентаудағы көп балалы отбасылардың қатарына жатады.
Түймегүл Ергешқызы үлкен отбасыда өскен. Сол үшін де ана үйде барынша көп бала болғанын қалайды.
Көп балалы ана үнемі «Мен бұл жолды таңдағаныма өкінбеймін. Себебі бұл бастама маған бақыт әкелді. Менің балаларымның ұлттары әртүрлі. Олардың ішінде: қазақ, өзбек, орыс және кәріс бар. Мен барлығын бірдей жақсы көремін. Оларға қамқор болып келемін» деп айтып жүреді.
Бүгін де көпбалалы ананың өз кәсібі бар. Ол кафе және дүкен орталықтарын ашқан. Қәзіргі таңда 18 баласы және 6 немересі бар.