Be better — интеллектуалды орта қалыптастыру алаңы ашылды

55

Шымкентте «Be better» атты су жаңа кітап дүкені ашылды. Бұл оқулықтар әлемінен кез келген қала тұрғыны жан дүниесіне жақын туындысын таба алады. Ал кеңесшілер келушілерге қашан да көмек беруге дайын. be better-де отандық баспа үйлерінің кітаптарынан бастап, әлемдік бестселлерге дейін бар. 

Фантастика, роман, детективтік әңгімелер, балалар және көркем әдебиет – Сун Цзыдан Стивен Хокингке дейінгі кезеңді қамтитын кітаптарды жаңа Be better кітап дүкенінен табуға болады. Кітап әлемінің негізін қалаушы Ақерке Сембиева бұл идея бірнеше жыл бұрын пайда болғанын айтады. Ол кітапқұмарлар бас қосып, жаңалықтарды талқылайтын және жеке даму алаңын құруды мақсат еткен.


Ақерке Сембиева, Be better дүкенінің негізін қалаушы: «Бұл кітап дүкенінің басқа дүкендерден ерекшелігі ол ең біріншіден біздің ауқымдылық. Біздің комфорт. Бізден кітап алуға келген оқырманға жасалған жағдай. Бізде көптеген кітаптың арсеналы көрсетілген. Оған қоса Евразиядағы ең ірі баспаханамен жұмыс істейміз».

Be better — кітап сүйер қауым үшін өмірдің ажырамыс бір бөлігі істеппес. Мұнда қалаған кітапты арнайы тапсырыспен алдыруға да мүмкіндік қарастырылған.

«Бұл интеллектуалды алаң. Қазіргі заманда ол өте қажет нәрсе, Тек тамақ жеу емес, тек киім алу емес. Өзіңді іштей құнарландыратын. Біліммен құнарландыратын магазин болып есептеледі. Дүкен деп атауға да болмайды. Мұнда келіп, оқып, кітапқа ғашық болған кезде ғана оны сатып аласың. Бизнес иесінің осы идеясы маған қатты ұнады» — дейді қала тұрғыны.

Ерекше кітап дүкені тек қазақ, орыс тілінде ғана емес, ағылшын тілінде оқитын жандар үшін таптырмас мекен. Be better шетелдік және отандық ірі баспалармен тікелей байланыста жұмыс істейді. Бұл кітаптарды барынша қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік береді.

Ақерке Сембиева, Be better дүкенінің негізін қалаушы: “Эксмо и АСТ деген және қазақстандық баспа үйлерімен де жұмыс істейміз. Оның ішінде Атамұра да бар, аоуна да бар. Яғни бізге келген оқырмен, өзінің таппай жүрген кітабын таба алады. Немесе іздеп жүрген кітабының атын жазып кетсе, біз тауып береміз»

Қазір Be better дүкенінде 7000-нан аса әлемдік және отандық туынды бар. Олардың бірпарасы интернет желісінде кездесе бермейді. Егер сіз сирек басылымды іздесеңіз, Be better-ге сұрау қалдырыңыз. Дүкен әкімшілігі сізге кез келген шығарманы тауып беруге тырысады.