Келес ауданында минералды су өндіртін зауыт ашылады

38

Келес ауданында жалпы құны 610 млн. теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жоба іске қосылған жағдайда 50 адам жұмыспен қамтылады.

Зауыт жылына 5,9 млн. литр су өндіруге қауқарлы. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтты. Сонымен қатар биыл мұнда спорт алаңы салынып, пайдалануға беріледі.

Ал Қауыншы елді мекенінде жаңа 600 орындық мектеп құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.