«Пәтер аламын» деп 2,3 млн. теңге қаржысынан айырылды

49

«Пәтер аламын» деп шымкенттік тағы бір тұрғын алданып қалды. Айтуынша, екі жылдан бергі танысы «Мемлекет тарапынан кезексіз үш бөлмелі пәтер алып беремін» деп, алаяқтық жолмен қомақты қаржыны иемденіп кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 300 000 теңгені құрап отыр. Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.