Шымкент: Тергеу тұтқынындағылар дауыс берді

35

№132 сайлау учаскесінің есігі таңғы сағат 7-де ашылды. Мұнда 542 тергелуші өз таңдауын жасауға құқылы. Тергеу изаляторындағы күдікті азаматтар 2 жарым сағаттың ішінде дауыс беріп үлгерді

Шымкенттік тергеу изоляторындағы №132 сайлау учаскесінің есігі таңғы сағат 7-де ашылды. Алғашқы болып алаяқтық бойынша тергеуде отырған 25 жасар азамат өз таңдауын жасады. Ол ерте тұрып, саяси науқаннан шетте қалмау үшін тыңғылықты дайындалғанын айтады. Сонымен қатар оған бірінші болып дауыс бергені үшін мекеме басшылығы арнайы сыйлығын табыстады.

Сұлтан (есімі өзгертілді): «Бүгін мәслихат пен Мәжіліс депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Мен тергеу изоляторында бірінші болып дауыс бердім, мұнда бәрі жақсы, тыныш жүріп жатыр. Мен өз партиямды таңдадым және оған қатты сенемін. Өзімнің ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасадым дее ойлаймын»

Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты №69 тергеу мекемесінде 700-ден аса сотталғандар мен тергелуші бар. Оның 542-сі дауыс беру құқығына ие. Ал 2 жарым сағаттың ішінде тіркеудегі барлық азамат өз таңдауын жасап үлгерді.

Ермек Жалғасбаев, №69 тергеу изоляторының басшысы: “Біздің тергеу изоляторында 756 адам бар, оның 542-сі дауыс бере алады. Сотталғандар, кәмелетке толмағандар және басқа елдердің азаматтары дауыс бере алмайды. Дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды. Толық бәрі дауыс беріп біткенше жалғасады. Таңғы сағат 10-ға қарай тергеудегілердің 95 пайызы дауыс беріп үлгерді”

Түсіндірме жұмыстары тек тергелушілерге ғана емес, мекеме қызметкерлеріне де жүргізіліп жатыр. Бүгін 90 қызметкер маңызды науқанға атсалысты. Олар жұмысы аяқталған соң, тұрғылықты жері бойынша дауыс береді.