Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупіне байланысты қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.
«Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды», — делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.