Үй алу үшін 1 млн. теңге беріледі: Өтініш қабылданып жатыр

57

Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бұл жеңілдік «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотекалық тұрғын үй қарызының бастапқы жарнасын жабу үшін арналған.

Тұрғын үй сертификатының талаптарына сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді. Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Айта кетейік, қалада бұған дейін 130 тұрғын қайтарымсыз сертификат арқылы баспаналы болды. Оның 51-і көпбалалы отбасылар, 64-і ерекше бала асыраушы отбасылар –, 11-і толық емес отбасылар саны, 4-еуі бюджеттік ұйым қызметкерлері.