Шымкентте 27 жастағы Түркістан облысының тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Ол оралған есірткі затын тауып алып, жеке өзі пайдалану үшін қалтасына салған. Алайда, оны полиция қызметкерлері байқап, айғақты затты тәркіледі. Қылмыстық іс бірден сотқа жолданды.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады. Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 61 260 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.