60 жасында сүндетке отырғызылған қарияны жұрт қызу талқылап жатыр. Ел ағасы жасына жеткен ер адамның хирургиялық жолмен сүндеттелу процесінің видеосын уролог-андролог дәрігер ТікТок парақшасында жариялаған.
https://youtube.com/shorts/-MomWcxyqpA?feature=share
Бейнежазбада елордалық медицина маманы пациенттің жағдайын сұрап, егер ауырсыну байқалса, бірден айту керектігін ескертеді. Видео соңында ақ халатты 60 жастағы ер адамды сүндеттеп бергенін айтады.
«Ештен кеш жақсы. Иә, әрине, қызық жағдай. Өте сирек кездеседі. 60 жасқа дейін жүріп, пайдасын енді түсінген!.. Көкем рахаттанып қалды. Жеңгеміз де риза» деп жазды дәрігер.
Видеоны көрген желі қолданушылары жасы келген пациентті қызу талқылап жатыр. Бірі 60 жасқа келген ер адамның мұндай шешімін түсінбей дал болса, енді бірі оны мұсылман атануымен құттықтады.
«Солай жүре берсін, керегі жоқ еді», «Өте дұрыс! Мұсылман болуыңызбен. Адамдар айта береді, аман болыңыз», «Осы уақытқа дейін қимай жүрген бе?», «Сұмдық қой», «Сенбеймін», «60-қа келгенше не істеп жүрген?», «Не дейді… Құрысын», «60 жаста сүндет той болатын болды. Ақша салайық…», «Құдай-ау, нелеріңіз бар? Өзіндік себептері болған шығар», «Мүмкін емес қой», «Сүндет тойы қашан болады?», «Сонда осы уақытқа дейін мұсылман болмаған ба?» деп жазды желі қолданушылары.
Дәрігер андролог-уролог жасы келген пациенттің осы уақытқа дейін неліктен сүндеттелмегенін және оның 60 жасқа келіп, мұндай шешім қабылдауына не себеп болғанын нақтыламады.