Жаңа автокөліктердің тапшылығына қарамастан автосалондардың саудасы қыза түсті. Автобизнес қауымдастығының хабарлауынша диллерлер өткен айда 14 мың, ал жыл басынан бері 40 мыңдай көлік сатқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға көп.
Қауымдастық сауданың артуына көлік тапшылығының азаюы себеп дейді. Десе де жетіспеушілік әлі де сақталып отыр. Тіпті клиенттер алдын ала төлем жасап, кезекке тұруға мәжбүр. Ал сарапшылар болса, нарық сұранысты қамти алмаған соң, баға өсе береді дейді.