«Конструктор» көліктер мамыр айынан бастап заңдастырылуы мүмкін

56

Қазақстанда «конструктор» көліктерді заңдастыру мерзімі белгілі болды. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады. Айтуынша, қазір жоба Үкіметтің қарауында.

Болжам бойынша келесі аптада қол қойылуға тиіс. Ал үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Содан кейін полиция комитеті құрастырылған көліктерді заңдастыруға кіріседі.

Айта кетейік, биылғы 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 200 мыңға жуық көлікті заңдастыруға рұқсат етілген. Оның 100 мыңнан астамы заңдастырылған.