Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айыппен сотқа берілген азамат «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қырық екі жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішіп, алкогольдік масаң күйде бола тұра, бойындағы қызғаныштың салдарынан азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасып, сол күні ол бензин құйылған пластик бөтелкесін алып, бірге тұратын әйелін үстіне шашқан, ал жәбірленуші абдырап, бензин көзіне тимесін деп басын төмен салып тұрғанға кезде, сотталушы сіріңкені жағып оған лақтырып жіберген.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денесі 10% зақымданған, (беті, мойны, кеудесі). Бұл жарақаттар денсаулыққа орташа зиян ауырлық дәрежесіне жатқызылады.
Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Және жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде 100 (жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.