Úı ANONS Шымкент тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің жағын сындырғаны үшін сотталды

Шымкент тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің жағын сындырғаны үшін сотталды

Фото: Depositphotos

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы О. ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтірген) айыпталған.
 
 
О. 2024 жылғы 1 мамырда кешкі уақытта Шымкент қаласы, Жаңаталап шағын ауданында орналасқан үйде өзінің азаматтық некедегі жұбайы жәбірленуші С.-мен жанжалдасу кезінде, оған бет тұсынан бірнеше рет соққы жасап иегін сындырған, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтірген.
 
Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушыға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арызды қанағаттандыруды сұрады.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын ескерді, ал ауырлататын мән-жай анықталмады.
Сот, О.-ны ҚК-нің 107-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды.Үкім заңды күшіне енбеді.