Қаңтарда зардап шеккен 614 адамға қаржылай көмек көрсетілді

28
Оңтүстікте 5-қаңтарда күн жылына бастайды деп болжады синоптиктер

«Қазақстан халқына» қоры қаралы қаңтарда зардап шеккен 614 адамға жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден көмек көрсетілген.

Қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге бөлінді.

Атыс қаруынан жарақат алып, жәбірленуші деп танылған 200-ден астам ауыр жарақаттанған кәмелетке толған азамат қордан 606 миллион теңге алды.

Жарақат алған 13 баланың отбасына 39 миллион теңге берілді.
Қаза тапқан 19 әскери қызметкердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына қордан 133 миллион теңге бөлінді.

Ауыр жарақат алған 111 әскери қызметкерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне 333 миллион берілді.

Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға 46 миллион теңге бөлінді.