«Қазақстан халқына» қорына 156,9 млрд қаражат түсті

54

Шымкентте өте сирек кездесетін аурумен ауыратын 50 науқасқа Қазақстан қоры есебінен 4,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Ал жалпы Қазақстан бойынша осы уақытқа дейін 324 науқасқа 24,5 млрд теңге емге қажетті препараттар алуға жұмсалған. Бұл туралы шымкентке арайы іс-сапармен келген «Қазақстан Халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА мәлімдеді.

Бүгінде елімізде «Қазақстан қоры» есебінен белгілі бір санаттағы азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі. Мәселен, денсаулық, әлеуметтік көмек, білім, спорт және төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге айтулы қор жүйелі түрде көмек береді.

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан Халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары:  «Жалпы қорға 156,9 млрд қаражат түскен . Оның кімнен және қанша түскені барлығы көлемі де көрсетілген.Біздің ресми сайтымызда тізімі бар. Және қаражаттың қай банкіде жатқандығы туралы да мәліметтер бар. Өйткені донорларымыздың барлығы ай сайын ресми сайтымыздан есебімізді қарап отырады. 40 тан астам жоба ретке келтіріп, олар ісін  дөңгелетіп отыр. Ал Шымкент қаласына 4,7 млрд қаражат жұмсалынған».

Мамандардың айтуынша, қордың басты бағдарламасы – денсаулық саласына басымдық берілген. Сондықтан қордың 60 пайызы осы бағытта жұмыс істейді екен. Азаматтардан келетін 45 мың өтінімдердің 65 пайызы медицинаға қатысты. Осыған байланысты елімізде Оорфаганды, яғни, өте сирек кездесетін аурумен сырқаттанғандарға 36 дәрі-дәрмектің түрі шетелден жеткізілді. Оның ішінде 7-еуі Қазақстанға алғаш рет кіргізілген.

Ләззат Шыңғысбаева,  «Қазақстан Халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары: «Бізде өңірлерде ерте араласу орталығы жалпы 13 өңірде ашуымыз керек. 4-еуі ашылған, оның біреуісі Шымкентте. Шымкентте 1-2 айдың аралығында келіп өзіміз ашып кеттік. Шала және ерте туылған балалар көбісі аналары қалай балаға қарау керек, оны мүгедектікке жеткізбеу мәселесі, осының бәрі керек де, өңірлерден ұсыныс болған соң сіздерге де ашып бердік».

Айта кетейік, аталған  Қор негізінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік салалар бойынша шешілуі қиын мәселелердің жүйесін табуға көбірек назар аударады. Қазақстан халқының игілігіне жұмыс істеп тұрған қор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2022 жылы ашылған болатын.