Қазақстанда шетел азаматтарының 37,3%-ы құрылыс саласында жұмыс істейді

49

Қазақстандағы еңбек мигранттарының 25%-ы Қытайдан келген. Жалпы Еңбек министрлігінің мәліметінше, республика аумағында 14 417 шетел азаматы жұмыс істейді. Оның 3 493-і Қытайдан, 1523-і Түркиядан, 1722-і Үндістаннан, 1461-і Өзбекстаннан келген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 693 жұмыс беруші бар. Онда 407,9 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% – ы.

Айта кетейік, шетел азаматтарының 37,3 пайызы құрылыс саласында – еңбек етеді.