Úı ANONS «Құрылыс саласын бақылау керек»

«Құрылыс саласын бақылау керек»

Түркістан облысында құрылысы басталған және енді басталатын әлеуметтік маңызы бар нысандар бар. Айталық, мектеп, перзентхана, салу жоспарланған. Оған бөлінетін қаржының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс сапасы да маңызды. Мұның бәрі облыс әкімдігінде өткен жиында сөз болды.
Биыл Түркістан облысында 89 нысанның құрылысы жүреді. Қазірге 6 нысанға қаражат қаралмаған. Жалпы құрылысқа қазынадан 60 миллиард теңге шамасында қаржы бөлінеді. Оның 6,6 миллиард теңгесі – республикалық бюджеттен қаралса, 40 миллиард теңгеге жуығын облыстық бюджет бөледі. Қалғаны бюджеттен тыс қорлардың есебінен салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.

Салаға бөліп қарағанда, мысалы, Сарыағаш қаласы мен Темірлан ауылында екі перинаталдық орталықтың құрылысы басталған. Жоба құны 83 миллиард теңгеде асады. Қазығұрт ауданындық орталық ауруханасының істен шыққан кәріз жүйесі де жөндеуге жатады. Оған 166 миллион теңге бөлінген. Оны мамыр айына дейін аяқтау жоспарланған. Жиында бұдан бөлек құрылыс жұмыстарының барысы, қаржыландыру көлемі, салааралық мәселелер мен мердігерлердің жауапкершілігі ортаға салынды.

Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына, аудан және қала әкімдеріне нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды, анықталған кемшіліктерді жедел жоюды, жобаларға тұрақты мониторинг жүргізудің маңызды екенін жеткізді.

Дилара Иса