Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды

57
Бидайдың ылғалдылығы 14 пайыз болуы шарт

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» бұйрыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.

Құжат жарияланған күнінен бастап, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енді.