2023 жылғы 3 мен 9-сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7773 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3434 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 14 қылмыс ашылған. Оның ішінде: ұрлық — 6, тонау – 1, басқа да — 7.
Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1464 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 286, жол ережесін бұзған – 938, одан басқа да 135 жайт анықталды.