Түркістан облысы 1 млрд. теңгелік 17 ауыр техникамен толықты

55

Түркістан облысында «Тұран су» мекемесі жаңа 17 техникамен қамтылды. Заманауи техникалық көліктердің жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайды.

Атқарылған жұмыс облыстың су және ауыл шаруашылығын дамытуға негізделген. Атап айтқанда эксковаторлар су нысандарын күтіп ұстауға, жұмысын реттеуге, механикалық тазалауға қажет.

Ал өңірде ауыл шаруашылығына су тапшылығын жою үшін 2 ірі нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жоспарланып отыр.