Түркістан облысында діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды

59

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни сипаттағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады. Яғни полиция қызметкерлері қала базарларының бірін тексеру барысында, діни мазмұндағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.

Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.
Өз кезегінде полицейлер, діни әдебиеттерді сату тек жеке рұқсаты бар кітап өнімдерін сату орындарында ғана мүмкін екенін атап өтті.