Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, көліктеріне кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Polisia.kz. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы 90 мыңға жуық жүргізуші автокөлікке кепілдікті онлайн тіркегенін хабарлады.
«Аталмыш процесті жеңілдету үшін ІІМ полиция қызметін қағазбастылықтан арылтып, цифрландыру аясында кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды. Қазір тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қою жеткілікті», — деп жазылған хабарламада.
Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.Кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электронды көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады.