Úı ANONS Қайтарымсыз грант әперемін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел анықталды

Қайтарымсыз грант әперемін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына саурандық тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп алдын ала 1 200 000 теңгесін жымқырған.

Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай алдап жүргенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сезікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.