Биыл Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 18,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның 15,2 млрд-ы республикалық бюджет қаржысы болса, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге қаралды.
Жыл басынан бері 1,4 млрд. теңгеге 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Ал «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 17,3 млрд. теңге бөлінген. Қазірге дейін 1 922 жоба қаржылай қолдауға ие болды.