Úı ANONS Тұран  ауданының бюджеті 6 млрд. теңгені құрады

Тұран  ауданының бюджеті 6 млрд. теңгені құрады

Тұран  ауданы 2027 жылы толық газбен қамтылады. Биыл Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағынаудандарында  құрылыс жұмыстары аяқталып, магистралды көшелерді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін  уақытша атқарушы мәлімдеді. Оның айтуынша, ауданда тындырымды тірліктер көп. Десе де, атқарылар шаруа да жетерлік. 

Тұран ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асылжан Дәулетханұлы БАҚ өкілдерінің алдында есеп берді. Саннан құралған көрсеткіштерді тізбектеп, аудан аумағында инфрақұрылымдық мәселелер біртіндеп шешілгенін жеткізді. Мәселен, тұрғындар  ауыз су, жарықпен толық қамтылған. Ал, газдандыру мәселесі келер жылға өтпелі. Өйткені, Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағынаудандарында әлі де құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, балалардың қамсыз көңілі үшін тағы біраз тер төгу қажет ақ. Себебі, ойын алаңшаларының бюджетін депуттаттар мақұлдау керек.

АСЫЛЖАН ДӘУЛЕТХАНҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ М.У.А: «Жылда қойылатын ойын алаңшаларымыз бар. Осы жылға. Жоспарлы түрде  наурыз айындаа нақтыланады депутаттармен. Сол жерге ақша сұраймыз. Қорғаймыз. Гүлзарлар саламыз. Спорт алаңшалары».

Шымкент жылы аймақ болған соң, жауынды күндер жиілеп кетті. Бұл дегеніңіз кейбір аумақта су жиналып, көпті әбігерге түсіретін еді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы бұл мәселені де шештік деп отыр.

«Жаңбыр жауған кезде бізде машинамен су сорғыштар бар.  Жалпы осы 2025 жылы 177  техника өзіміз алдық. Сол жерде 500 -ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Көшенің тазалығы, қоқыс деген сияқты. Бес аймақ бойынша моторларды бәрін жасатқан болатынбыз. Орынбасар бәрін баяндады. Ешқандай машина қажет етілген жоқ. Өзі мотор, жаңбырдың өзі алып шықты. Ешқандай мәселе болған жоқ».

Орынбасар айтса, сену керек. Дегенмен, жауынды күндері сақтық шараларына мұқият болу керек -ау.  Техникаларға да бөлінген қаржы оңай емес.

«Былтыр нақтыладық. 6,5 млрд. қой қателеспесем, оның ішінде айлықтарымыз бар. Абаттандыру бар. Оның жартысы КГУ лизингке алған техникаларға төлейміз. Ай сайынғы проценті бар».

Осылайша Асылжан Дәулетханұлы аудандағы тындырымды тірліктерін баяндап шықты. Тілшілердің сұрақтарынан сүрінбей өтіп, аудан бюджетінің жұмсалу жолдарымен таныстырды. Айта кетейік, Тұран ауданының биылғы бюджеті  6 млрд. теңгені құрайды.

Нұргүл Жолымбетова