Тұран ауданы ПБ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

170

Шымкент ҚПД Тұран ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысы жеңісіне 78 жыл толу мерекесіне орай мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

«Біз әрдайым еліміздің тыныштығын күзеткен Отан қорғаушыларға құрмет көрсетеміз. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Біз үшін отқа түскен жандарға мәңгі тағзым етеміз! Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі біздің бүгінгі күніміздің, байтақ еліміз бен жеріміздегі тыныштықтың негізі», – деп атап өтті Тұран АПБ бастығының орынбасары Қ.Ешимбетов.