Түркістан мен Худжанд қаласы арасында бауырластық байланыс орнады. Мемлекет басшысы Тәжікстанға барған іс-сапарында бірқатар келісімге келді.
Соның бірі екі қала арасында ынтымақтастық қатынастар орнату туралы меморандум. Худжанд — Солтүстік Тәжікстанның ең ірі индустриалды-өнеркәсіп орталығы. Сондықтан екі көне шаһар бір-бірімен туризм, өнеркәсіп, білім және ғылым, халыққа қызмет көрсету және инфрақұрылым салаларында тәжірбие алмасуды көздеп отыр.
Қазір облыс әкімінің бастамасымен ортақ жоба құру жұмысы жүргізіліп жатыр.