Түркістандық тұрғын анасы мен әпкесін алып, велосипедпен қажылыққа аттанды

3177

Түркістан облысының тұрғыны қажылыққа велосипедпен аттанды. Ер адам Алла алдында құлшылық жасау үшін өзімен бірге анасы мен әпкесін алып шыққан.

Түркістан қаласына келген оларды кездейсоқ көріп қалған тұрғынның бірі тоқтатып, аз-кем әңгімеге тартқан. Бұл сәттің видеосын әлеуметтік желілерде пайда болды. Желідегі ақпаратқа сенсек, қажылыққа аттанғандар Төрткүл ауылынан жолға шыққан.

Велосипедке тиелген арбаға «Имам махди, Меккеге сапар» деп жазылған.

Видеоны көрген желі қолданушылары алыс сапарға аттанғандардың ниеттері қабыл болып, елге аман-есен оралуларын тіледі.

«Жол болсын, аман-есен барып келіңіздер», «Алла тағала ниеттерін қабыл етсін», «Алла жолдың жеңілдігін берсін», «Керемет, ниеттері қабыл болсын», «Дұрыс, кезінде осылай қиналып жаяу барған. Қазіргілер ұшақпен барады», «Алла сапарларын сәтті етсін, жолдың жеңілдігін берсін», «Жолдарыңыз болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір білдіргендердің бірі қажылыққа аттанғандарды Сауран ауданы Шорнақ ауылынан көргенін, ал енді бірі ниет етушілердің туысы екенін алға тартып, олар Қызылордаға жетіп қалғанын жазған.