Жетісай ауданында шаруаларға 5 мың тоннадан аса жанар-жағармай отыны бөлінген

24

Мақтаарал ауданында 33 гектар жерге мақта себілді. Қазір дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 15 432 гектарға бақша, 1587-ге жүгері, 1045-ке көкөніс, 805 гектарға жаңа жоңышқа, 233,5 гектарға картоп егілген. Ал дала жұмыстарына шаруаларға мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада 5655 тонна жанар-жағармай отыны бөлінді. Қазір дихандарға дизель 1 литрі 206 теңгеден босатылып жатыр.

Айта кетейік, былтыр 40,4 мыңнан аса гектар жерге мақта дақылы егіліп, 106 мың тоннадан астам өнім жиналған.