Мақтаарал ауданында жергілікті тұрғын үй ұрысының құрбаны болды. Оның айтуынша, белгісіз адам пәтердің кіреберіс есігін бұзып кіріп, қонақ үйдегі 1,2 млн теңгені жымқырып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызданды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Жетісай қаласында тұратын жас қыз болып шықты.
Полиция департаментіндегілер қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктіден заттай дәлел ретінде ұрлаған ақшаның бір бөлігі тәркіленді.