Дүниежүзілік банк: Әлемдік экономика 2,1 пайызға өседі

44
экономикалық өсім

Дүниежүзілік банк биылға арналған болжамын жаңартты. Ұйымның баяндамасына сай, әлемдік экономика 2,1 пайызға өспек.

Қаңтардағы есебінде банк бұл көрсеткіш 1,7 пайыз болатынын айтқан еді. Әлемдік жалпы ішкі өнім өсімі баяу болмақ. Оған/ жоғары инфляция, қатаң ақша-несие саясаты, Украинадағы жағдай мен пандемия салдары ықпал етіп отыр.

Дүниежүзілік банк макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайту үшін кешенді саясат жүргізуге шақырды.