Лак-бояу өнімдерін сақтайтын қоймада өрт шықты

54

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне күні кеше сағат 00:25-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы 238 кварталында орналасқан лак-бояу өнімдерін сақтайтын қоймада өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жалпы көлемі 800 ш.м. құрайтын бір қабатты қойманың ішінде лак-бояу өнімдерінің жануы орын алғанын анықтады. Өрт сағат 2:27-де оқшауланып, 2:44-те толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 70 адам, 19 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.