Мұғалім болу үшін миллион берген…

214
фото Егемен.кз

Келес аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен айыпталып сотқа берілген сотталушы Х.Т-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Х.Т. алаяқтық, яғни алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында, Б.Н.-дан 1 000 000 теңгемен мектепке мұғалім қызметіне жұмысқа орналастырып беретінін айтып алдап, 1 000 000 теңгесін жымқырған.
Одан әрі А. Н-ға 500 000 теңгемен мектепке мұғалім қызметіне жұмысқа орналастырып беретінін айтып алдап, 500 000 теңгесін жымқырған.
Сотталушы Х.Т. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Х.Т.-ке қатысты қолданылған «Ешқайда кетпеу және дұрыс мінез құлық туралы қол хат» түріндегі бұлтартпау шарасы «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертіліп, сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енбеген.