Өртке оранған Абай облысында жағдай бақылауда

56

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  Абай облысындағы өртпен күрес туралы  мәлімет берді. Айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.

«Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрт таралуының күшеюі ықтимал. Бірақ бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдар жеткілікті», — деді министр.
Министр шығыс бағытты ұшып бақылау кезінде өрт таралып жатқаны анықталғанын, өртті тоқтату бойынша нақты міндеттер қойылғанын атап өтті. Өрт басталғалы көлемі 3 000 тоннадан асатын барлығы 1 017 су төгу жұмысы жүргізілді. Өрттің жалпы ауданы 60 мың гектар, оның 43 мың гектары жанып жатыр.