ТЖД қызметкерлері сауда орнында оқу-жаттығу шарасын жүргізді

21

Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінде төтенше жағдай қызметкерлері өрт тактикалық жаттығуларын өткізді. Аталған шараның басты мақсаты өрт сөндірушілердің апат кезіндегі әрекетін пысықтап, сауда орындарының оқыс жағдайларға дайындығын бағамдау. Жаттығу барысында ұйымдастырылған өртті сөндіру кезінде гипермаркет қызметкерлері эвакуацияланды. 4 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Төтеншеліктердің жоспарына сәйкес, сауда орталығындағы бутиктердің бірінде электр сымдарынан ақау анықталған. Осы тұста
Өрттің жоғары тұрған қабаттарға таралу қаупі туындап, супермаркет қызметкерлері жедел түрде «101 » пультіне хабарлады. Кестеге сәйкес, қалалық Төтенше Жағдайлар Департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары Оқу-жаттығу орнына отты сөндіруге жіберілді.

Сәбит Тәшімбаев, Шымкент қалалық ТЖД № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы

«Оқиға орынына келгеннен кейін өрт сөндіру штабы құрылып, электр қуаты өшірілді. ол 380 вольтты құрайды. Өрттің таралу қаупі жойдық. Яғни, шартты өртті сөндіруге арналған құралдар уақтылы берілді. Оқу-жаттығуларға 8 негізгі және 4 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды».

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың басты мақсаты-адамдар көп шоғырланған ортада отты сөндіру кезінде құтқару бөлімшелерінің жеке құрамының практикалық дағдыларын жетілдіру, өзара іс-қимылды пысықтау. Бұл шара Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарына қаладағы объектілердің өртке қарсы дайындығын бағалауға көмектеседі. Сауда үйінің басшыларының айтуынша, бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет.

Гигамат БУНЕР – «Dur Plaza” сауда үйінің басқарушысы

«Бізде барлығы 5 кіру және шығу есіктері бар. Өрт гидранттары, крандар, әр қабатта 8 данадан. Өрт дабылы да бар. Өрт болған жағдайда біз дайынбыз».

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар ғимараттың жоғарғы қабаттарынан бірнеше адамды эвакуациялап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Оқу-жаттығу жетекшілері қойған барлық міндеттер толық көлемде орындалды. Оқу-жаттығуларға ТЖ Департаментінің 12 техникасы және жеке құрамның 70 адамы жұмылдырылды.