2026 жылға дейін бүкіл ел көлемінде студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Gремьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
«Қарағанды және Маңғыстау облыстарында 900 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді. Республикада жыл соңына дейін 8,3 мың орынға есептелген тағы 26 жатақхана пайдалануға беріледі», — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жиында жоспарға 1600-ден астам орынға арналған 8 әлеуетті нысанды енгізу ұсынылды. Оларды пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда инвесторлармен алдын ала келісімдер жасалуда, әкімдіктер жол карталарына өзгерістер енгізуде.
«Студенттерді жатақханамен қамту бойынша барлық жоспар қатаң сақталуы тиіс. Бұл ретте салынып жатқан жатақханалар санын көбейту бастамасы құпталады», — деді премьер-министрдің орынбасары.