Жедел басқару орталығының инспекторлары көлік қозғалысын нақты уақыт режимінде бейнекамералар арқылы бақылау кезінде, жолаушысы есірткі қолданып отырған көлікті байқады.
«Тойота Камри» көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген. ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.
Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.
Аталған жайтқа қатысты Қаратау АПБ-ның анықтаушылары ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.