Қазақстанда ұн бағасы 16 %-ға қымбаттады

121

Қазақстанда ұн қымбаттап кетті. Жыл басынан бері тауар бағасы 16 пайызға артып, ал кей өңірлерде 30-40 пайызға дейін көтерілген. Аталған қымбатшылық нан өнімдерінің құнының 10 пайызға дейін өсіруге тура келді дейді мамандар.

Қазақстанда ұн бағасы орташа есеппен 16 пайызға көтерілді. Сарапшы мамандардың айтуынша, мамыр айында жоғары сортты ұн бір келісі 375 теңге, ал былтыр 320 теңге болған. Бұл өнімдер Павлодар облысында 40 пайызға, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 35-39 пайызға дейін артқан.

Ал бағаның ең аз өсуі Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелген. Жарты жыл ішінде қазақстандық кәсіпорындар 1 млн 400 мың тоннаға жуық ұн шығарған. Яғни, қазіргі уақытта тауар өндірісі қалыпты деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Мамандар өткен жылы Ресей астықты экспорттауға тыйым салынғандықтан бағасы қымбаттады дейді. Сол кезден бастап елдегі өнім бағасы өскен. Ұн өндірушілер бағаны төмендеткенімен, бөлшек сауда бағасы жоғары болып тұр.

Олег Куртвапов,  «BEST KOSTANAY» ЖШС-нің коммерциялық директоры: «Оларда мұндай кері қайтару бағасы барын байқамадық. Барлық сауда нүктелеріне қатысты тарифтердің үздіксіз өсуін, жанар-жағармай бағасының өсуін, логистиканың қымбаттауын, жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасының өсуін ескереміз».

Қазір тек әлеуметтік азық-түліктер қатарындағы нанның бағасы ғана тұрақты, яғни өзгермеген. Бүгінде бұл тауарларды шығаруда кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді. Ал нан өнімдерімен айналысушылар, бір жыл ішінде шикізат бағасы 30 пайызға артқанын жеткізді.

Гүлмира Миноварова, «МАДЛЕН-KZ» маркетинг бөлімі менеджері: «Біз тұтынушыларымызға ыңғайлы болсын деп бағаны барынша тұрақтандыруға тырысып жатырмыз. Былтырға қарағанда тауар бағасы 5-7 пайызға өсті».

Нан өндірушілер, жақын арада су және жарық тарифтерінің өсуіне байланысты ұн бағасы да көтеріледі дейді. Бірақ қаншалықты деңгейде екені әзірше белгісіз.