Республика көлемінде Шымкент қаласы цифрлық білім беру үдерісінде көш бастады. Білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдарының элекрондық журналды жүйелі толтыруы және цифрлық ақпаратты меңгеруі мен мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі негізінде ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша үш бірдей үздік марапатқа ие болды.
«Алтын түйме» белгісіне Шымкент қаласы 6-шы рет иеленіп отыр. Бұған дейін 5 рет «Алтын түйме» белгілеріне 2020-2021 оқу жылында – 2 рет, 2021-2022 жылында 2 рет және 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында ие болған еді. «Алтын түйме» белгісі Күнделік электронды журналын талаптарды орындай отырып, жүйелі, уақытылы жүргізу негізінде табысталады.
Ал биылғы оқу жылында «Алтын түйме» белгісімен бірге, бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Сандық мұғалім көрсеткіші бойынша үздік аймақ» және «Мектеп мәзірін толтыру көрсеткіші бойынша үздік аймақ» көрсеткіштері негізінде де республика деңгейінде үздік деп танылып, марапатқа ие болды.
«Алтын түйме» белгісімен марапаттауда — Kundelik.kz жүйесіндегі Белсенділік бақылауы дерекқорынан алынған мәліметтердің негізінде, электрондық журналдарды сапалы және уақытылы толтыру бойынша көшбасшы деп таныды.
«Сандық мұғалім көрсеткіші бойынша үздік аймақ» марапатын — оқушылардың тамақтануын автоматтандыру мен ашықтыққа бағытталған прогрессивті жұмысы үшін табыстады.
«Мектеп мәзірін толтыру көрсеткіші бойынша үздік аймақ» — мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы саласындағы көшбасшылығы мен жетістіктері өзге өңірлерге үлгі болып отыр. Бұл цифрлық сауаттылық пен Kundelik.kz электрондық журналын жоғары деңгейде пайдаланғандығы бойынша марапаттады.
Аталған жетістіктер қала мектептерінің тиянақты жұмысы мен мол жауапкершілік таныта отырып, дамылсыз еңбектерінің жемісі болып табылады.
Шымқаланың цифрландыру үдерісінде мұғалімдердің білім сапасын арттыруға қосқан орасан зор еңбектері мен кәсіби шеберліктері, күш-жігерлері расында марапатқа лайық.
Ұстаздардың күнделікті жұмыстары барысында жұмсайтын еңбекқорлықтары мақтауға әбден лайық. Мұғалімдердің еңбектері еліміздің заманауи білім беру жүйесін дамытудың іргелі құрамдас бөлігі болып табылады.