Қалалық перинаталдық орталығында өмірге келген үшемнің салмақтары екі келіден жоғары. 37 жастағы үшемнің анасы Арайлым Сарсенбековаға дәрігерлер 8-тамыз күні кесір тілігін жасап, босандырып алған.
Қуаныштысы сол, сәбилердің денсаулығында ақау жоқ дейді дәрігерлер. Анасымен бірге үшем нәрестелерді күту бөлімшесінде екі аптаға жуық медициналық бақылауда болған.
Қазіргі уақытта босанған әйелдің және 3 сәбидің жағдайы жақсы. Сарсенбековтер әулетінде дүниеге келген үш бөбекке туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есім қойған. Жас ана мен үшемдер Перинаталдық орталықтан бүгін үйлеріне шығарылды.