Úı ANONS Үшемдер үйіне шығарылды

Үшемдер үйіне шығарылды

фото rostov.aif.ru

Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына қуанышты хабар жетті. Қалалық перзентханада дүниеге келген үшем сәбилер үйіне шығаруға дайын. 33 апталық мерзімде туған нәрестелер бір айдан астам уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Мамандардың кәсіби көмегінің арқасында олардың салмағы артып, жағдайы тұрақталған.

Жаңа жылдағы жағымды жаңалық! Қаламызда үшемдер үйге шығуға дайын тұр. Небәрі 33 апталық болып дүниеге келген сәбилердің салмағы бір жарым келіден аз болған екен. Өткен жылдың 28 қарашасында дүние есігін ашқан сәбилер бір айдан астам уақыт бойы ақ халаттылардың бақылауында болған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір нәрестелер де, анасы да денсаулығы жақсы, әрі олар өз шаңырағына оралуға дайын.

32 жастағы Әйгерім Анарқұл қалалық перзертханада 3 қызды дүниеге алып келді. Олардың салмағы туған сәтте 1420, 1495, 1300 грамм еді. Әйгерімнің сөзінше жүктілік қатты қиын болмаған, денсаулығында да кінәрат кездеспепті. Бақытты ана дәрігерлер 1 қыздың денсаулығына қауіп төніп тұр деген соң ерте кесір тілігін жасауға келіскенін айтады.

ӘЙГЕРІМ АНАРҚҰЛ, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ: «Алғашқы 5 жүктілігімде ұл болғандықтан токсикоз мүлде болмаған. Қыздарда токсикоз қатты болды. Ол рас нәрсе екен қыздарда токсикоз қатты болады деген. Алғашқы 3 ай қиын болды. Кейін жақсы өтті. Барлығын бір Аллаға тапсырдым, одан кейін білікті дәрігерлерге тапсырдық. Шүкір барлығы, ота да сәтті өтті. 4 күн бұрын перзентханаға жаттым. Балаларды бақылап отырды. Барлығы жақсы болды»

Үшемге ата-әжелері Хабиба, Халима, Хамида деген есім берген. Бұған дейін жас отбасында бес ұл тәрбиеленіп жатқан. Сондықтан 3 нәрескенің әкесі 1 қыз болса деп күткен едік дейді. Ал 8 аптасында үш бірдей ару дүниеге келетінін естігенге қуаныштарынша шек болмапты.

ҚАЖЫМҰҚАН ҚАЗЫБАЕВ, ҮШЕМНІҢ ӘКЕСІ: «5 ұлымыз бар тұғын. Енді 1 қыз болса деп ниет қылғанбыз. Алладан сұрап, Алла артығымен 3-еу беріп тұр. Сонымен бірден 8 болдық қой».

28 қараша күні дәрігерлер бақылауымен кесір тілігі жасалды. Мамандар бастысы 3 сәбиді де аман-есен дүниеге алып келуге шешім қабылдадық дейді.

ПЕРИЗАТ ӘМІРОВА, БАС ДӘРІГЕРДІҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз консилиуммен шешім қабылдап, ананың және нәрестелердің жағдайын толық тексеріп, 33 аптасында жүктілікті тоқтатып, босандыруға тура келді. Мерзімінен сәл ертерек босандырып алған себебіміз үшінші баланың салмағының аз болуы. Сол бізді қатты толғандырды. Доплер жасалды, КТГ жасалды. Сол кезде үшінші баланың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан 33 аптасында босандырдық»

Үшем мен анасы 39 күн бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Алғашқы тәулікте нәрестелер жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кейін палатаға ауыстырылып, мұқият күтімнің арқасында салмақтары екі келіден асқан.

ЖҰЛДЫЗ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ЕМДЕУШІ ДӘРІГЕР: «Бірінші тәуліктен кейін аппаратқа тәуелділік болаған соң потология бөлімшесіне ауысты. Міне 39 күн өтті нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Хабиба 1495 салмақпен келіп, 2450 салмақпен үйіне шығарып жатырмыз. Кішісі 1300 келген барлығы 2 келі салмақтан асып үйіне шығып жатыр бүгін».

Айта кетейік, 2025 жылы қаламызда жалпы 27 мыңнан аса сәби дүниеге келген. Оның ішінде 286-сы егіз болса, 5-еуі үшем.

Әсел Мәлік