Заңгер: «Жалақы кешіктірілсе, жұмыс беруші қызметкерге өсімпұл төлейді»

620

Егер жұмыс беруші жалақыңызды кешіктіріп жатса, не істеуге болады? Бұл сұраққа редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді.

Заңгердің айтуынша, жұмыс беруші айлықты келесі айдың 10-ына дейін беруге құқылы.

«Егер 10-ынан кейін кешіктірсе, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жұмыс беруші әр кешіктірген күнге өсімпұл қосып төлеуге міндетті. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Ұлттық Банктің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі»,-деді Венера Нұрғалиқызы. 

Егер жұмыс беруші сіздің жалақыңызды кешіктіріп жатса, онда сіз жергілікті еңбек инспекциясына барып шағымдана аласыз.