Жуырда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады.
Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды.