Úı ANONS Шымкентте департамент қызметкері «пара алды» деген күдікке ілінді

Шымкентте департамент қызметкері «пара алды» деген күдікке ілінді

Қаржы мониторингі агенттігіне кіретін Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ұсталды. Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде күдіктінің 300 мың теңге пара алғаны жөнінде ақпарат айтылған еді. Оның ұсталған сәті делінген сурет те тарап кеткен. Комитет мәліметінше, тергеп-тексеру амалдары басталған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ

Дилара Иса